"Анасының баласы демейтін еді": Әли Оқапов танымал отбасында өмірге келу өнеріне қалай әсер еткенін айтты
Жарияланған күні:
Әнші Әли Оқапов танымал адамдардың отбасында өмірге келу өнеріне қалай әсер еткенін айтты. Ол "Менің өмірім" бағдарламасында қарапайым отбасыда өмірге келсе, қазір он есе биік деңгейден көрінетінін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Кейде "Қарапайым отбасыда дүниеге келсем, қазір тіпті он есе биік деңгейде болатын едім" деп ойлаймын. Өйткені, көрермен мені қарапайым бала ретінде көрер еді. "Анасының баласы", "Әкесінің баласы" демейтін еді. Менің жетістігім бұдан да асатын еді деп ойлаймын. Көбісі "Танымал адамның ұлы болсаң, жетістікке тез жетесің" деп ойлайды.
Мен алған жетістіктің қандай реакция тудыратынын білесіз. Маған кез келген байқауға қатысуға болмайды. Қатысып, жеңсем, кім сенеді маған? Әділ жеңсем де, кім сенеді? Өнер субъективті тұрғыдағы нәрсе. Өнердегі нәрсе біреуге - ұнаса, біреуге - ұнамайды. Біреуі - мойындаса, біреуі - мойындамайды. Шегелеп, балғамен қаға алмайсың. Менің тағдырым солай болғандықтан, оңай емес. Роза Рымбаеваның ұлы болып жүру оңай емес. Бірақ бағалайтын жандар бар. Олар менің ең басты - мотивациям. Мен басқа себептермен сахнада жүрсем, баяғыда мансабымды аяқтайтын едім. Ақшаның бәрі бітетін еді. Өйткені, ол заман өтті. Қазір сұранысқа ие адамдар сахнада жүр. Қазір теледидардың орны басқа. Ғаламторда әркім не тыңдайтынын, не қалайтынын, не қарайтынын өзі біледі. 12 жыл аз уақыт емес", - деді Әли Оқапов.
Еске сала кетейік, осыған дейін Әли Оқапов күйзеліс денсаулығына қалай әсер еткенін айтқан болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2061852-roza-rymbaevanyn-uly-bolu-onai-emes-ali-oqapov-tanymal-otbasynyn-balasy-bolu-onerine-qalai-aser-etkenin-aitty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.