Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Он секундтық сахна үшін 800 мың теңге бердік": "Миллион" командасы гонорары қымбат актерді атады

Опубликовано:

"Миллион" командасы
"Миллион" командасы. Фото: instagram.com/millionkomandasy

Жақында "Жездуха" фильмін жарыққа шығарған "Миллион" КВН командасы тырнақалды туындысына қатысты тың мәліметті жария етті. Әзілкештер киносына түскен ең қымбат актерді атады. Олар он секундтық сахна үшін оған 800 мың теңге төлеген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Миллион" КВН командасы "ХабарLike" бағдарламасында қонақта болып, "Жездуха" фильміндегі гонорары қымбат актерді атады.

Жайдарманшылар тырнақалды туындысына әйгілі Тұңғышбай Жаманқұловты түсуге шақырған. Олар аты аңызға айналған актерге қалаған гонорарын төлеп беруге дайын болғанын айтты.

Өнер иесі фильмдегі он секундтық сахна үшін 800 мың теңге алған. Әзілкештер гонорары қанша қымбат болғанымен, аталмыш сахна өз ақшасын толығымен ақтағанын жеткізді.

"Киномызға Тұңғышбай Жаманқұлов ағамыз түсті. Ол кісі бір қысқа әзілге бола керек болды бізге. Ол кісі қанша гонорар сұраса да, оған жарасады. Біз үшін қымбаттау болды. Бірақ ол кісі үшін өз бағасы бар. Жарты сағатқа 800 мың теңге бердік. Кинода он секунд ғана. Кеше қарап отырсақ, Тұңғышбай атамыз түскен сахна халықты қатты күлдірді. 800 мың теңге ақталды", - деді Қанат Тасхан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2061861-on-sekundtyq-saxna-usin-800-myn-tenge-million-komandasy-gonorary-qymbat-akterdi-atady/

pixel