"Ең сұлу қалыңдық": ақ көйлек киген Фариза Ескермес елдің ыстық ықыласына бөленді
Жарияланған күні:
Жақында сүйіктісінің ұсынысына "иә" деп жауап берген актриса Фариза Ескермес үйлену тойына дайындықты бастап кеткен. Өнер иесі қалыңдық көйлегін таңдап жүр, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Фариза Ескермес Instagram желісінде бірнеше ақ көйлек киіп көрген видеосын жариялап, ел назарын өзіне аударды.
"Макияж бен образымды ойластырып жатырмын. Жарты жыл бұрын тойға дайындықты бастап кеттім", - деп жазды актриса.
Өнер иесі көпшілік назарына бірден бірнеше қалыңдық көйлегін ұсынып, оған таңдауға көмектесуін сұрады. Желі қолданушылары сұлу аруға кез келген образ жарасатынын жазуда.
"Ең сұлу қалыңдық", "Саған барлығы жарасады", "Өте көріктісіз", "Сөз жоқ, нағыз ханшайым", "Сұлулығыңызға тәнтімін, өте сүйкімдісіз", "Күйеіңіздің бағы бар екен", - деп жазуда оықрмандар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2061879-en-sulu-qalyndyq-aq-koilek-kigen-fariza-eskermes-eldin-ystyq-yqylasyna-bolendi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.