Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақстандағы ең төмен айлық": Қуаныш Бейсек "Қазақфильмдегі" қызметі үшін қанша жалақы алады

Опубликовано:

Азамат Сатыбалды, Қуаныш Бейсек
Азамат Сатыбалды, Қуаныш Бейсек. Фото: instagram.com/azamatc

Режиссер Қуаныш Бейсек осыдан бірнеше күн бұрын "Қазақфильм" ұлттық студиясы президентінің кеңесшісі болып тағайындалған еді. Өнер иесі REVUE NEWS бағдарламасында жаңа қызметінде немен айналысатынын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Мақсатымыз "Қазақфильмнің" жаңа бағытын анықтау. Өйткені, "Қазақфильм" соңғы жылдары көрерменінен ажырап қалды. Жастарға қуанғаным, Қуаныш Бейсек айлық сұрамады. "Қазақстандағы ең төменгі жалақы қанша? Соны беріңіз, болды" деді. Қазақстандағы ең төменгі айлық 85 мың теңге.

Бір ауыз сөзбен Қуанышқа да, Еркебұланға да, Жандос Айбасовқа да "Қазақфильмге" жаның ашиды ма?" дедім. "Жаным ашиды" деді. Онда кел деп айттым", - деді Азамат Сатыбалды.

Ал Қуаныш Бейсек жаңа қызметінде немен айналысатынын түсіндірді.

"Ең бірінші ұсынысым, "Қазақфильмнің" дәретханасын ауыстыру болды. Отыз жыл бойы ақша бөлінбеген ғой. Сол себепті дәретханасы нашар.

Жоспарымызда павильон, костюмдер, қазақи үйлер, кинотехника бар. Осының бәрін цифрландырамыз. Бұл жемқорлық болмау үшін және жалға алуды жеңілдету үшін керек", - деді Қуаныш Бейсек.

Еске сала кетейік, режиссер Қуаныш Бейсек "Қазақфильм" ұлттық студиясы президентінің кеңесшісі болып тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2061900-qazaqstandagy-en-tomen-ailyq-quanys-beisek-qazaqfilmdegi-qyzmeti-usin-qansa-zalaqy-alady/

pixel