jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Жүкті әйелді қуантқым келді": Әсел Асқар бейтаныс оқырманына сыйлық жасады (видео)

    Әсел Асқар
    Әсел Асқар. Фото: instagram.com/assel.askar

    Отандық танымал актриса Әсел Асқар Алматыдағы сауда орталықтарының бірінде кездескен бейтаныс оқырманына сыйлық жасады. Белгісіз ару блогерді көрген бойда көзіне жас алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Әсел Асқар сауда орталығындағы дүкендердің бірінде күтпеген жерден оқырманын кездестіріп, оны қуантты. Ол өзін көргенде жылап қалған жүкті әйелге сыйлық жасағысы келген.

    Блогер ару әсерлі сәттің видеосын Instagram парақшасында жариялады.

    "Бұл өмірде ештеңе кездейсоқ болмайды. Сауда орталығынан шығайын деп тұрғанда, спорт киімдерін сататын бутикке барғым келді. Не үшін барғаным белгісіз. Енді түсіндім. Менің Бусинкам осында әкелген сияқты. Көп жүрмей, өзіме бір зат қарай қояйын дегенмін. Келген бойда маған 2 қыз жүгіріп келді. Олар естелік ретінде суретке түсуімді өтінді. Әрине келістім. Сосын дауысы дірілдеп жылап қалды.

    Мен ыңғайсызданып қалдым. Ол мені көріп, абдырап қалғанын және жүкті екенін айтты. Жылағанының себебін гармондармен байланыстырды. Сосын жүкті әйелді қуантқым келді. Менің кішкентай сыйлығымнан бас тартпағаны үшін оған ризамын. Өзіме ештеңе алған жоқпын. Ал оқырманым жаңа киім алды", - деп жазды актриса.

    "Жүкті әйелді қуантқым келді": Әсел Асқар бейтаныс оқырманына сыйлық жасады (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.