Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Арманымды орындады": блогер Territima әйеліне қымбат көлік сыйлады (видео)

Опубликовано:

Territima әйелімен
Territima әйелімен. Фото: Instagram/madysssun

Жастар арасында кеңінен танымал блогер Territima келіншегіне аса қымбат сый тарту етті. Желі жұлдызы екң перзентінің анасына жаңа көлік сыйлаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Territima лақап атымен танылған Темірхан Асылбек келіншегіне ойламаған жерден жаңа көлік сыйлап қуантты. Блогердің әйелі енді Lexus RX маркалы темір тұлпарды жүргізетін болады.

Желі жұлдызы екі баласының анасына көлік сыйлаған сәтін Instagram парақшасында көрсетті. Қуанышын жасыра алмаған келіншегі жолдасына алғысын айтып, арманы орындалғанын жеткізді.

"Ол аз уақыт ішінде менің арманымды орындады", - деді Мадина.

Желідегі ақпаратқа сәйкес, аталмыш автокөліктің бағасы 30 млн теңгеден жоғары тұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2061930-armanymdy-oryndady-bloger-territima-aieline-qymbat-kolik-syilady-video/

pixel