Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ішінен киім киген бе?": ашық образдағы Дана Кентай желіде қызу талқыға түсті (фото)

Опубликовано:

Дана Кентай
Дана Кентай. Фото: Instagram/danakentai

Отандық танымал әнші Дана Кентай желіде ашық образын паш етіп, елдің қызу талқысына қалды. Қалың көпшілік өнер иесінің киім үлгісін аса ерсі деп санап жатыр, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Дана Кентай ерекше сахналық образын Instagram парақшасында көрсетті. Онда әншінің іші көрініп тұратын киім киіп алғанын байқауға болады.

"Арам көзбен емес, анамның көзімен қараңыздар", - деп жазды өнер иесі.

Желі қолданушылары өнер иесінің образын қызу талқылап, оған қатысты түрлі пікір білдірді.

"Быт-шыт киім екен. Түріңді де, мүсініңді де бұзып көрсетеді екен", "Ішінен киім киген ба өзі?", "Осы қызға көңіл жетіспей жүр", "Стиліңізді өзгерту керек", "Ашық-шашық киініп тұрсаңыз, қалай ананың көзімен қарайды ел?! Ананың көзімен қарасақ "мына киімің не қызым, төсіңді, кіндігіңді жап және тыртысқан кимеші" дер едім", "Ананың көзімен қарай алмайсың ғой", "Сахна киімдері не болып барады", - деп жазуда оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2061940-aram-kozben-qaramanyzdar-asyq-obrazdagy-dana-kentai-zelide-qyzu-talqyga-qaldy-foto/

pixel