Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көп адам шақырмадық": Алтынай Жорабаева қызының "қырқынан шығару" рәсімін өткізді (видео)

Опубликовано:

Алтынай Жорабаева с мужем и дочерью
Алтынай Жорабаева с мужем и дочерью. Фото: instagram.com/altynaizhorabayeva

Қазақстандық танымал әнші Алтынай Жорабаева кенже қызының қырқынан шығару рәсімін өткізді. Өнер иесі бұл отбасылық жиынға тек ет-жақындарын шақырған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Алтынай Жорабаева қырқынан шығару рәсімі қалай өткенін Instagram парақшасында көрсетті. Эстрада жұлдызы отбасылық шараны өз үйінде кішігірім ортада өткізуді жөн көрген. Болашақта әнші үлкен шілдехана той жасауға ниеттеніп отыр.

"Әне- міне дегенше, 40 күн де өте шығыпты. Кішігірім ортада Амина Әлішерқызын қырқынан шығардық. Себебі, вирус өршіп тұрғанда, үйге көп адам шақырмадық. Оған ешкім ренжімейді деп ойлаймын. Алла қаласа, күн жылығанда, ағайын-туыс, дос-жаранның басын қосып, шілдехана той жасауға ниеттеніп отырмыз. Осылай кішігірім ортада , ақ тілектерін жаудырып, мәре-сәре болып, Аминамызды қырқынан шығарып алдық", - деп жазды өнер иесі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2062086-kop-adam-saqyrmadyq-altynai-zorabaeva-qyzynyn-qyrqynan-sygaru-rasimin-otkizdi-video/

pixel