Серік Ибрагимовтың отбасы үшінші сәбиін қырқынан шығарды (видео)
Жарияланған күні:
Әнші Серік Ибрагимовтың келіншегі осыдан бір ай бұрын үшінші перзентін өмірге әкелді. Өнер иесі Instagram желісіндегі парақшасында сәбиді қырқынан шығарғанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Әнші осыған дейін перзентханадан шыққан ұлына есім таңдамағанын айтқан болатын.
Үшінші перзентін қырқынан шығарған Ибрагимов ұлына азан шақырып, Шадияр есімін қойғанын да мәлім етті.
"Бүгін баламызды қырқынан шығарып жатырмыз. Балапанымыздың аты - Шадияр", - деді әнші мен жұбайы видеода.
Видеодан Шадиярды әжесі қырық қасық су құйып, тырнағы мен шашын алып, қырқынан шығарғанын көруге болады. Бұл рәсімге тамынал блогер Елдос Колобоктың да анасы қатысқан. Ол да ырым жасап, сәбидің шашын қайшымен қиды.
Желі қолданушылары әншінің отбасына бар жақсылықты тілеп, жарыса пікір жазды.
"Бауы берік болсын", "Шадияр Серікұлының болашағы жарқын болсын", "Жұғысты болсын", - деп жазды желідегілер.
Еске сала кетейік, қаңтар айында Серік Ибрагимовтың үшінші перзенті өмірге келді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2062088-serik-ibragimovtyn-otbasy-usinsi-sabiin-qyrqynan-sygardy-video/