Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"9 жыл өтті": Абай Бегей дүниеден өткен бірінші әйелінің бейітіне барып, құран бағыштады (видео)

Опубликовано:

Абай Бегей жылап қалды
Абай Бегей жылап қалды. Видеодан кадр: Youtube/Жетінші арна

Әнші Абай Бегейдің бірінші әйелі осыдан біраз жыл бұрын өмірден өтті. Бүгінгі таңда екінші рет шаңырақ көтеріп, келін түсіріп үлгерген өнер иесі марқұм жұбайының басына барып, құран бағыштады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Зымыраған уақыт-ай! Әкемнің қайтқанына - 28 жыл. Анашымның қайтқанына - 10 жыл өтіпті. Ал Пердешбай ағамның өмірден өткеніне - 31жыл, Қонысбай ағамның қайтыс болғанына - 10 жыл болыпты. Жұбайым Нұржанаттың өмірден қайтқанына - 9 жыл өте шығыпты.

Сіздерді еске алып, Құран бағыштаймын. Қатты сағынамын. Мейірімді, кешірімді Алла панасына алсын", - деп жазды Абай Бегей Instagram желісіндегі парақшасында.

Видеодан әншінің бейіт басына барып, бірінші жұбайының құлпытасын сүртіп жатқанын көруге болады.

Желі қолданушылары әншіге жылы лебізін жаудырып, қолдау білдірді.

"Арттары қайырлы болсын", "Мықты әкесің", "Балаларыңа анасын жоқтатпай, қас- қабағына қарап, бар қалауын жасап отырсың", "Қорлық көрсетпейтін жақсы адаммен қосылдың. Анасының жоқтығын білдірмеуге тырысып жүрсің", "Керемет әкесің", "Әкесі жоқ - тек жетім, шешесі жоқ - шын жетім деген ғой бұрынғылар. Бірақ сен балаларыңа еш жетімдік көрсетпеуге тырысып жүрсің", "Ұзақ жаса", "Фаризаға да мың алғыс", - деп жазды желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2062155-9-zyl-otti-abai-begei-dunieden-otken-birinsi-aielinin-beiitine-baryp-quran-bagystady-video/

pixel