"Ертегідей өмір сүрдім": Дина Төреәлі отбасы сыйлаған бағалы сыйлықтарды көрсетті (фото)
Жарияланған күні:
Төреғали Төреәлінің қарындасы Дина Төреәлі желіде тұрмысқа шықпай тұрған кезін есіне алып, отбасынан алған бағалы сыйлықтарын көрсетті. Жұлдызды жанұяның кенжесі өмірі ертегідей болғанын айтып, жақындарына қатты еркелегенін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Дина Төреәлі келін атанбай тұрған кезін Instagram парақшасында есіне алды.
"Қазір бұрынғы кездерім есіме түсіп отыр. Мен үйдегі туған күнді асыға күтетін, қатты жақсы көретін адаммын. 90 күн қалды деп санап жүретінім есімде. Үйде бес-ақ адамбыз. "Төртеуің маған 5 сыйлық дайындайсыңдар, сол кезде көп болады" дейтін едім үйдегілерге. Миымда неше түрлі идея бар. Сонымен армандап жүремін, "маған біреу осылай істесе ғой" деп. Бірақ ешкім таппайды ойымдағыны" , - деп жазды блогер ару.
Сонымен қатар "Ұлы дала баласының" қарындасы жанұясының нағыз кенжесі болғанын жасырмайды. Ол өз парақшасында осыған дейін туған күнінде алған бағалы сыйлықтарын көрсетті. Оған қоса өзін еркелетіп өсірген әкесі мен жақындарына алғысын айттты.
"16 жасымда салоннан жаңа көлік сыйлаған еді. Осыншалықты үйдің еркесі болғаныма қазір таңғаламын. 18 жасыма Астана қаласынан, 3 бөлмелі пәтер әперді. Тәтемнен, жездемнен еш себепсіз бренд киім-кешек ала беретінмін. Құрбыларыммен кофе ішіп қайтуға шетелге ұшып кете салатын әкесінің ерке қызы болдым. Осындай балалық шағым үшін, ертегідегідей өмірім үшін, әр сүрген күндерім үшін шүкіршілік етемін. Мен үшін, менің көңілім үшін, әр еткен еңбегіңіз үшін рахмет, әке" , – деп жазды Дина.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2062157-ertegidei-omir-surdim-dina-toreali-otbasy-syilagan-bagaly-syilyqtardy-korsetti-foto/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.