"Күйеу таңдаудан қателеспеген жанмын": 40 жасқа толған Қайрат Әділгерейді әйелі туған күнімен ерекше құттықтады (фото)
Жарияланған күні:
Актер, әзілкеш Қайрат Әділгерей биыл 40 жасқа толған. Бақыт Тұрман жұбайын туған күнімен құттықтап, ерекше тілек арнады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Бақыт Тұрман Instagram-дағы парақшасында күйеуден жолы болған адам екенін айтты.
"Туған күніңмен, жаным. Бір оқырманым "Сен күйеу таңдаудан қателеспеген жансың ғой" деген еді. Иә, мен сенімен ұшып жүремін ғой. 40 жасқа толдым деп уайымдама. Өткенге қарасаң, өкінішің жоқ екеніне мән бер.
Осы кезде мені боқтап тұрып, суретке түсіріп едің. Соның өзі шексіз махаббат деп білемін. Шексіз махаббатың үшін рахмет", - деп жазды Бақыт Тұрман.
Еске сала кетейік, Қайрат Әділгерей былтыр сәуір айында төрт бөлмелі пәтер алғанын айтқан болатын. Өнер иесі көпшілікке құрылысы аяқталған үйін көрсетті.
Айта кетейік, актер мен жұбайы бүгінде үш қыз бен бір ұл тәрбиелеп отыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2062211-kuieu-tandaudan-qatelespegen-zanmyn-40-zasqa-tolgan-qairat-adilgereidi-aieli-tugan-kunimen-erekse-quttyqtady-foto/