Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайрат Әділгерей көпшілікке құны 150 млн теңге болатын үйін көрсетті (видео)

Опубликовано:

Бақыт Тұрман мен Қайрат Әділгерей
Бақыт Тұрман мен Қайрат Әділгерей. Фото: instagram/bakyt_turman

Әзілкеш Қайрат Әділгерей биыл сәуір айында төрт бөлмелі пәтер алғанын айтқан болатын. Өнер иесі көпшілікке құрылысы аяқталған үйін көрсетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Біздің жаңа қонысымыз. Бұл үйімізде ойымыздағы көп идеяны жүзеге асырдық. Жылы, атмосферасы жайлы, сапасы мен көркемділігі үйлескен жоба боп шықты. Баршаңызға жұғысты болсын", - деп жазды Қайрат Әділгерей Instagram парақшасында.

Ал тележүргізуші Анна Данченконың TikTok желісіндегі ақпаратқа сүйенсек, әзілкеш үйін 150 млн теңгеге салған.

Айта кетейік, сәуір айында Қайрат Әділгерей төрт бөлмелі пәтер алғанын және үйдің құрылысына кірісетінін мәлім еткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2043498-qairat-adilgerei-kopsilikke-150-mln-tengelik-uiin-korsetti-video/

pixel