Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Немерелі болмақ": әнші Абай Бегейдің келіні аяғы ауыр екенін жеткізді (видео)

Опубликовано:

Абай Бегейдің ұлы мен келіні
Абай Бегейдің ұлы мен келіні. Фото: Instagram/badinur_zhalgas

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Абай Бегейдің отбасы жақында тағы бір адаммен толықпақ. Өнер иесінің келіні қалың көпшілікке аяғы ауыр екенін жария етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Абай Бегейдің келіні бұл қуанышты жаңалығын Instagram парақшасында жариялады. Ол күйеуіне жүкті екенін қалай хабарлағанын көрсетіп, ел назарына әсерлі видео ұсынды.

Бейнежазбадан келіншектің жолдасына сыйлық табыстап жатқанын көруге болады. Алайда қораптың ішінде сақинаның орнына жүктілікті анықтайтын тест болып шықты. Абай Бегейдің ұлы әке болатынын білгенде қуаныштан көзіне жас алып қалды.

"Біз енді үшеу боламыз. Аллаға шүкір. Көп күттірмей, осындай бақыт сыйлап жатқанына сансыз шүкір. Қуанышымызда шек жоқ. Отбасымызбен қатты қуанып, сіздерге жеткізуге асығып жүрген жаңалығымыз осы. Біз сені күтеміз балапан" , - деп жазды әншінің келіні.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2062323-nemereli-bolmaq-ansi-abai-begeidin-kelini-ayagy-auyr-ekenin-xabarlady-video/

pixel