"Жүрегім өзгерісті қалады": шашын басқа түске бояған Анна Данченко елді таңғалдырды (видео)
Жарияланған күні:
Қазақстандық танымал әнші Анна Данченко 15 жылдан кейін стиліне өзгеріс енгізіп, елді таңалдырды. Ұзақ уақыт бойы қара шашпен жүрген тележүргізуші бұл жолы басқа түске көшуді жөн көрген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Анна Данченко стиліндегі өзгерісін Instagram парақшасында көрсетті. 15 жыл бойы қара шашпен жүрген БАҚ өкілі бұл өзгерісті жүрегі қалағанын алға тартты.
"15 жылдан кейінгі өзгеріс. Қанша жыл бойы шашымның түсі қара еді. Әкемді жоғалтқаннан кейін ақ шаш көбейіп кетті. Жүрегім өзгерісті қалады. "Сары түс" - менікі емес. Түрім орыс қызға ұқсап кетер, болмысыма да сай емес дедім, сондықтан осындай шоколадтың түсіне тоқтадық. Менің қатты өзгеріп кетуімді қалаған жандарға айтарым, "мен тұрақты адаммын", ар-арасында ғана осылай шешім қабылдайтыным болмаса. Қатты сөкпеңіздер, болмаса, келесі өзгеріуме тағы 15 жыл күту керек болады", - деп жазды ол.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2062356-zuregim-ozgeristi-qalady-sasyn-basqa-tuske-boyagan-anna-dancenko-eldi-tangaldyrdyvideo/
Жарияланымға реакцияңыз?
Пікірлер жүктелуде