Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бұл сәтті 5 жыл күттім": Мақпал Исабекова туған күнінде тыңдармандарын қуантты

Опубликовано:

Мақпал Исабекова
Мақпал Исабекова. Фото: instagram.com/makosyai

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Мақпал Исабекова 40 жасқа толды. Өнер иесі туған күнінде барша тыңдармандарын қуантып, жаңа ән жарыққа шығарды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мақпал Исабекова өз туған күнінде жанкүйерлеріне қуанышты жаңалықты хабарлады. Өнер иесі оларға тосынсый жасап, "Оралшы" атты жаңа әнін жарыққа шығарды.

"Бүгін менің туған күнім! Бұл күні мен жаңа әнді жарыққа шығарамын деп уәде еткен едім. Бұл сәтті бес жыл бойы күттім. Уайымдап тұрмын. Сіздерден қолдау күтемін", - деп жазды әнші Instagram парақшасында.

Сонымен қатар өнер Исабекова өзін туған күнімен құттықтап жатқан жандарға алғысын айтып, ақшалай сыйлықтардан бас тартпайтынын жеткізді.

"Құттықтауларыңызға мың алғыс. Бүгін мен 40 жасқа толдым. Туған күнімді тойламаймын. Бірақ сіздердің көңілдеріңізден бас тартпаймын. Бүгін сіздердің махаббатарыңызға шомылғым келеді. Гүл мен сыйлықтарды ақша түрінде қабылдаймын. Сосын өзім қалаған заттарды сатып алармын", - деді ол.

Мақпал Исабекованың Stories-i
Мақпал Исабекованың Stories-i. Скриншот: Instagram/makosyai

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2062413-bul-satti-5-zyl-kuttim-maqpal-isabekova-tugan-kuninde-tyndarmandaryn-quantty/

pixel