"Құны 2 миллион теңге": Фариза Төреәлі сіңлісіне бағалы сыйлық тарту етті (видео)
Опубликовано:

Отандық танымал блогер Фариза Төреәлі сіңлісі Динаның туған күнінде оны қуантып, аса бағалы сыйлық тарту етті. Желі жұлдызы асқан жомарттық танытып оған құны 2 млн теңге тұратын сағат сыйлаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Фариза Төреәлі туған күн кешінен видео жариялап, қалың көпшілікке өзінің берген сыйлығын көрсетті. Блогер ару сіңлісіне Cartier брендінің құны 2 миллион теңге тұратын сағатын таққан.
Ол бағалы сыйлықты табыстаған сәтін Instagram парақшасында жариялады.
"Жаным, сіңілім сенің бар болғаныңа сансыз шүкірлер. Жан-жарыңмен, балапандарыңмен бақытты ғұмыр кеш. Сен өз жасыңнан данасың, ақылдысың", - деп жазды блогер.
Айта кетейік, бұған дейін Дина Төреәлінің 21 жасын қалай атап өткенін жазған болатынбыз. Төреғалидің қарындасы туған күнін бұл жолы отбасылық достарымен бірге тойлаған.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/2062477-quny-2-million-tenge-fariza-toreali-sinlisine-bagaly-syilyq-tartu-etti-video/