Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кәмшат Жолдыбаеваның күйеуі әншіні қалай қаратып алғанын айтты

Опубликовано:

Кәмшат Жолдыбаева сырға салу
Кәмшат Жолдыбаева. Скриншот: Youtube/@ShowBusinessKazakhstan

Былтыр наурыз айында Кәмшат Жолдыбаева мен отандық актер Ғазрет Қажымұқанұлы отау құрды. Әншінің күйеуі REVUE NEWS бағдарламасында махаббаттары түсірілім барысында басталғанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Үйленгеніміз жайлы ақпарат растауды талап етпейтін шығар. Себебі, барлық жерде отбасы құрғанымыз жайлы ақпарат тарап кетті. Махаббатымыз сериал кезінде басталды. Отбасы құрғалы іштей өзгерген шығармын.

Кәмшаттың сыртқы келбетінің өзгеруіне әсер етпедім. "Былай киін" деп ешқашан айтқан емеспін. Бізде мәселелер талқыланады. Екеуіміз кездескен екі жылда психология саласын қатты зерттеді", - деді Ғазрет Қажымұқанұлы.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін желіде Кәмшат Жолдыбаеваға сырға салып, актер Ғазрет Қажымұқанұлына ұзатылғаны жайлы видеода тараған болатын.

Алайда Кәмшат Жолдыбаева да, Ғазрет Қажымұқанұлы да осыған дейін шаңырақ көтергендері жайлы тіс жармаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2062588-maxabbatymyz-tusirilim-kezinde-bastaldy-kamsat-zoldybaevanyn-kuieui-ansinin-zuregine-qalai-zol-tapqanyn-aitty/

pixel