Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әнші Дастан Оразбеков Альбина Шардарова мен Сәбит Шонтақбаевты құтқарып қалды (видео)

Опубликовано:

"Егіз лебіз" жобасы
"Егіз лебіз" жобасы. Фото: "Егіз лебіз" жобасының жеке мұрағаты

Қазақстанның басты музыкалық бәйгесі "Егіз лебіз" мегажобасы жалғасуда. Шоуда кәсіби әнші мен өзге саланың мамандарынан құралған 12 жұп жанды дауыста ән шырқап жарысуда. Өткен сенбіде эфирге шыққан бағдарламаның үшінші шығарылымы әйгілі "Дос-Мұқасан" ансамбліне арналды.

Бұл жолғы шығарылымда ең аз ұпай жинаған жұп жобадан шығуы керек болды. Алайда жобаның "иммунитет" арнайы мүмкіндігіне сай осы жолы барлық қатысушылар жобада қалды. "Иммунитет" - алғашқы шығарылымдарда ең көп ұпай жинаған жұптарға беріледі. Бұл мүмкіндік Дастан Оразбеков пен Гүлнар Сильбаева жұбында болды. Өткен сенбідегі үшінші шығарылымда Дастан Оразбеков ең аз ұпай жинап жобадан шығып қала жаздаған Альбина Шардарова мен Сәбит Шонтақбаев жұбына өзінің "иммунитетін" беріп, жобада алып қалды.

"Дос-Мұқасан" ансамбліне арналған шығарылымда көрермен көңілінен шыққан жұп – Қобыланды Болат пен Құралай Мейрамбек болды. Олар атақты ансамбльдің репертуарындағы Ескендір Хасанғалиевтің "Сағындым сені" әнін орындады.

"Аңыз ансамбль "Дос-Мұқасан" менің туған ауылым Баянауылда құрылған. Бала күнімде Абай оқулары, Мұқағали оқулары деген әдеби конкурстар өтетін Мәдениет үйінің сахнасында құрылған. Сондықтан бұл мен үшін он есе жауапкершілік. "Сағындым сені" әнін "Дос-Мұқасан" ансамблінің бақилық болып кеткен өнерпаз мүшелеріне арнап, еске алып, сағынышымызды бір басайын деп орындадық",- деді Қобыланды Болат.

"Әнді жүрекке жеткізіп айтты", "Керемет орындау", "Финалға лайық жұп", "Ғажайып күй кештім", - деп жарыса жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, "Егіз лебіз" музыкалық мегажобасы Qazaqstan телеарнасынан әр сенбі 20:00-де эфирге шығады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2062643-ansi-dastan-orazbekov-albina-sardarova-men-sabit-sontaqbaevty-qutqaryp-qaldy-video/

pixel