Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Беташарға миллиондап салды": Блогер Әден Марғұланның үйлену тойы қалай өтті (видео)

Опубликовано:

Қайрат Нұртас пен Әден Марғұлан
Қайрат Нұртас пен Әден Марғұлан. Фото: Instagram/aden_margulan

Жастар арасында кеңінен танымал блогер Әден Мрағұлан шаңырақ көтерді. 500 адамның басы қосылған дүбірлі той желі жұлдызының туған жерінде өткен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әден Марғұланның үйлену тойы Тараз қаласында дүркіреп өтті. Қызығы, екі жастың қуанышы ерекше форматта өткен. Дүбірлі тойда қонақтар жас жұбайларға тілек айтпаған. Бұл блогер жігіттің өз қалауы болыпты.

"Өзім қалағандай тілексіз тойды өткіздік. Тойымды концерт қылып жіберген достарыма рахмет. Осындай достарым бар мен бақыттымын", - деп жазды ол.

Желі жұлдызы той қызықты өту үшін тілектердің орнына түрлі ойындар өткізіп, достары өнер көрсеткенін қалаған. Әден Марғұланның қуанышына ортақтасқан жұлдызды достары арасында Жансерік Қадырбаев, Мирас Жүгінісов, Тұрар Ыдырыс және т.б болды. Блогердің достары беташар кезінде асқан жомарттық танытып, миллиондар салды. Жансерік Қадырбаевтың бір өзі досының тойындағы беташарға 3 миллион теңге берген.

Оған қоса блогердің достары оған тосынсый жасап, ортада бәрі бірге ән шырқаған.

Сонымен қатар дүбірлі тойды еліміздің хит жұлдыздары Қайрат Нұртас, Raim мен Kalifarniya жандырды.

Екінші дастарханда ортаға үлкен екі торт алып шықты. Жас жұбайлардың айтуынша, торттарды арнайы Ақтөбе қаласынан алдыртқан

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2062950-betasarga-milliondap-saldy-bloger-aden-margulannyn-uilenu-toiy-qalai-otti-video/

pixel