"Қазасы жаныма қатты батты": Жүрсін Ерман марқұм айтыскер Оразалы Досбосыновды еске алды
Жарияланған күні:
Танымал айтыскер Оразалы Досбосынов 2004 жылы қазан айында қаза тапқан болатын. Айтыс ұйымдастырушысы Жүрсін Ерман айтыскердің қайтыс болар алдын өзімен қоштасқанын Жандарбек Бұлғақовтың бағдарламасында еске алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Айтыстың Оразалысыз өтіп жатқанына 20 жылдай болды. "Шіркін, Оразалы болғанда" деп отырамыз. Ерекше ақын еді ғой. Оның да кібіртіктеп, айтыса алмайтын кездері болған. Осы күнгі ақындар айта алмайтын шындықты қорықпай айтатын еді. Айызыңды қандырып, көңілге қондыратын халықтық теңеу айтатын Оразалының орны бөлек қой", - деді Жүрсін Ерман.
Сонымен қатар айтыс ұйымдастырушысы Оразалы Досболсынның соңғы рет өзімен қайта-қайта қоштасқанын айтты.
"Бірнеше күннен кейін бильярд ойнап жатсам, маған келді. "Аға, сізбен қоштасып кетейін деп едім. Жол жүріп бара жатырмын" деді. Ондайы жоқ еді. Жарайды деп шығарып салдым. Кешке үйге барсам, есіктің алдында Оразалы жүр. "Не істеп жүрсің?" десем, "Тәтеммен қоштасып кетейін деп едім" деді. Сөйтіп тәтесін шақырдым. Тәтесі құшақтап жүр. Сонымен кетті. Таң алдында Дәулеткерей телефон шалып, "Оразалыдан айырылып қалдық" деді.
Оразалыны жерлеу де ақырет болды. Тұздыбастау ауылында тұрды ғой. Барсам, таудың арасында қуысты көрсетеді. Адам бара алмайтын жер. "Оразалыны бұл жерге жерлей алмаймын. Ертең ел келеді, жолдастары келеді" дедім. Содан ауылдың әкіміне барып, ол мені түсінді. "Айтқан жерінен жер беріңдер" деді. Солай жүріп, Оразалыны жер қойнына тапсырдық. Оразалының қазасы жаныма қатты батты. Өте талантты ақын еді", - деді Жүрсін Ерман.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2062985-qazasy-zanyma-qatty-batty-zursin-erman-marqum-aitysker-orazaly-dosbosynovdy-eske-aldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.