Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қызғанатын": актриса Мадина Оспанова күйеуінің өнеріне қалай қарайтынын айтты

Жарияланған күні:

Мадина Оспанова жұбайымен
Мадина Оспанова жұбайымен. Фото: instagram.com/ospanova.mm

Актриса Мадина Оспанова күйеуінің өнеріне қалай қарайтынын айтты. Өнер иесі "OZMZғой" бағдарламасында тұрмысқа шыққан жылдары күйеуінің қызғанғанын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Екеуіміз 2015 жылы кездесе бастадық. Басында түсініспеушіліктер болды. Жасырын емес. Қызғанатын, түсінбейтін.

Кейін толықметражды фильмге түстім. Танымал актерлердің арасында рөл ойнадым. Сол кино үлкен экранға шықты. Оған ұнады. "Маған экранда ұнайсың. Киноға түс. Сенімен мақтанамын" деді. Біреулер келіп суретке түссе, мақтанып қалады. Экраннан көрген сайын қуанып отырады.

Бөтен адам емес. Жанашыр, айтып отырады. Қуанамын", - деді Мадина Оспанова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2062995-qyzganatyn-aktrisa-madina-ospanova-kuieuinin-onerine-qalai-qaraitynyn-aitty/