Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Махаббатты екінші орынға қойып келдім": Құралай Анарбекова жеке өмірі жайлы бар шындықты айтты

Опубликовано:

Құралай Анарбекова
Құралай Анарбекова. Фото: instagram.com/kuralay_corich

Отандық танымал актриса Құралай Анарбекова ашыла сұхбат беріп, жеке өмірі жайлы жан сырын ақтарды. Кино саласында үлкен жетістікке жеткен өнер иесі осы күнге дейін махаббатты екінші орынға қойып келгенін растады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Құралай Анарбекова жұмысын бәрінен де биік қойып келгендіктен, махаббаттан жолы болмай жүргенін мойындайды. Актриса көптің көкейіндегі сұраққа жауап беріп, бүгінде басы бос екенін айтты.

Өнер иесінің соңғы қарым-қатынасы да жұмысы мен арақашықтыққа байланысты сәтсіз тоқтаған.

"Қарым-қатынас ресми болмағаннан кейін оны көрсетудің қажеті жоқ. Мен ол жігітті ұмытқанымен, кейін халық ұмытпайды. "Анаумен жүрді, мынаумен кездесті, суретін салды" деген сияқты сөздер көп айтылады. Мүмкін суретін салып, көпшілікке көрсететіндей адам болмаған шығар. Мен осы күнге дейін махаббатты екінші орынға қоятын едім. Бәрінің өз уақыты болады. Мансап қудым, шығармашылыққа берілдім. Қарым-қатынас болмады емес, болды.

Соңғы қарым-қатынасымда да бәрі жақсы болды. "Вакцинадан" кейін тұрмысқа шығып, аналық қызметімді атқарамын деп ойлағанмын. Бірақ сол кезде "Орел и решка" бағдарламасынан ұсыныс түсті. "Бұл мүмкіндікті жібермеу керек, бір жарты жыл ғой" деген кезде айырылысып кеттік. Арақашықтықта қарым-қатынас құру қиын екен. Жарты жылдай Қазақстанда болмадым. Қазір жалғызбын", - деді Анарбекова "Мамский әңгіме" подкастында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2063022-maxabbatty-ekinsi-orynga-qoiyp-keldim-quralai-anarbekova-zeke-omiri-zaily-bar-syndyqty-aitty/

pixel