Актриса Мадина Оспанова өзіне теріс пікір білдіретін хейтерлеріне жауап берді
Жарияланған күні:
Актриса Мадина Оспановаға әлеуметтік желіде теріс пікір жазатын оқырмандарының ісіне пікір білдірді. Өнер иесі "OZMZғой" бағдарламасында көрермендеріне өтініш айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Әлеуметтік желіде бір оқырман актрисаға "Қайын атасы бар келін санын жалтыратып отырады ма?", - деп теріс пікір жазған.
Ал актриса киіну стилі күйеуінің фильтрінен өтетінін айтты.
"Қайын атамның киіну стилін көрмедіңіздер ғой. Ол кісі үнемі сымбатты болып жүреді. Жалпы біздің де жарасымды киініп жүргенімізді қалайды. "Осылай жарқырап жүріңдер" дейді.
Күйеуім де қарсы емес. "Жарасып тұр. Осылай жүрші" дейді. Оның үстіне көбінесе бірге жүреді. Оның үстіне баламды, күйеуімді әлеуметтік желіде көп көрсетпеймін. Мен ашық-шашық киінемін дей алмаймын. Барлық киімім күйеуімнің фильтрінен өтеді", - деді актриса.
Сонымен қатар актриса өзінің сырт келбетіне қатысты сөз айтатын адамдарға өтініш білдірді.
"Арық болған жараспайды деп пікір жазатын және бетке айтатын адамдарға айтатын өтінішім бар. Бұл этикаға сай келмейтін сөздер. Бұл біреудің көңіліне тиеді деп ойламайды. Әдейі айтпайды ғой. Бірақ сонда да айтар кезде ойланса екен. "Арықтап кетіпсің", "Саған жараспайды" деп айтпай-ақ қойса екен деймін. Мүмкін мен ауырып, арықтап кеткен шығармын. Білмейді ғой.
Кейде фильм біткеннен кейін "Кинода томпақсың, үлкен көрінесің. Өмірде кіп-кішкентайсың" дейді. Актриса ретінде мүмкін менің ең жанды жерім шығар. "Экранда үлкен көрінем" деген ой мені күйзеліске түсіретін шығар. Өмірде соны уайымдап жүрген шығармын. Бір кісі келеді де, оны менің бетіме басады. Әр адам өзіне ыңғайлы дене салмағымен өмір сүреді ғой", - деді актриса.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2063057-aktrisa-madina-ospanova-ozine-teris-pikir-bildiretin-xeiterlerine-zauap-berdi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.