Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ішімдікті қойғаныма - 24 жыл": композитор Қалдыбек Құрманәлі бәстен ұту үшін 3 келі шұжық жегенін еске алды

Опубликовано:

Қалдыбек Құрманәлі
Қалдыбек Құрманәлі. Видеодан кадр: "Қасқа жол" бағдарламасы

Композитор Қалдыбек Құрманәлі ішімдікті қойғанына 24 жыл болғанын мәлім етті. Өнер иесі "Қасқа жол" бағдарламасында бәстен ұту үшін 3 келі шұжық жегенін еске алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Ол кезде студентпін. ҚазҰУ-де оқимын. Өзі бұрыннан жұмыртқаны жақсы көремін. Сосын шұжық жақсы көремін. Шұжықтың 1 келісі - 1 сом 62 тиын тұрады. Жатақхананың буфетінен бір келі аламын. Әжептеуір ақша ғой. Алдыма кесіп-кесіп тастап, 1-2 лимонад пен нан аламын. Дүкенші ер адам екен. Күнде 1 келі шұжық жеймін. Күнде қарап тұрады екен. Содан дүкенші "Інім, күнде таңертең шұжық жейсің. Асқазаның ауырмайды ма?" деді. Мен ақшам болмай тұрғанын, болса одан көбірек жейтінімді айттым. Сол жерде бәстестік. 3 келі жеймін дедім. 1 келісін жаңа жегенмін. Әлгі кісі алдыма 4 лимонад пен 2 келі шұжықты қойды. Сосын 2 келі шұжықты жеп қойдым. Бір шиша ішімдік сұрадым. Шұжық майлы, ішімдік оны қорытады. Бәстескен 50 сом ақшаны алдым. Ол кезде степендия 40 сом еді. Ол күні сабаққа бара алмадым, ішімдікке масайып қалдым", - деді Қалдыбек Құрманәлі.

Сонымен қатар Қалдыбек Құрманәлі осыдан кейін асқазаны қорытпай, соңында ауруханаға барған.

"Бір күн ұйықтай алмай, өліп қала жаздадым. 20 км жаяу жүрдім, көзім қызарып кеткен. Қызыл шай іштім. Ұйықтай алмаймын. Дене шынықтырудан беретін меңгеруші бар еді. Сол кісі "Байғұс бала, өліп қаласың ғой" деді. Сөйтіп мені ҚазҰУ-дың бассейніне лақтырып жіберді. Судан шығармай, ішімдік әкеліп бере берді. 4 шиша ішімдік іштім. Мұздай судан масаймайды екенсің. Шұжықтың майының бәрі сыртқа шығып кетеді екен. Солай тірі қалдым. Ауруханаға бардым. Бас дәрігер "Бала, өлесің ғой" деді. Сосын енді "Асқазанды бос ұстама" деді. Әлі күнге дейін тамақтан бас тартпаймын. Қазір шұжық та, жұмыртқа да жеймін, бірақ бәстеспеймін. Жан керек.

Одан кейін ішімдікті де қойдым. Биыл ішпей жүргеніме 24 жыл болды. Соңғы рет 2000 жылы ішімдік ішкенмін. Содан кейін бас тарттым. 14 жасымда ішімдік бастадым, содан 20 жыл ішіппін", - деді Қалдыбек Құрманәлі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2063065-isimdikti-qoiganyma-24-zyl-kompozitor-qaldybek-qurmanali-basten-utu-usin-3-keli-suzyq-zegenin-eske-aldy/

pixel