Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Аңыз адам": блогер Арман Юсупов Қайрат Нұртасқа не сыйлағанын көрсетті (видео)

Опубликовано:

Қайрат Нұртас
Қайрат Нұртас. Видеодан кадр: Instagram/kair_n

Отандық танымал блогер Арман Юсупов эстрада жұлдызы Қайрат Нұртасқа туған күніне не сыйлағанын көрсетті. Желі жұлдызы оған аса бағалы сыйлық тарту еткен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Арман Юсупов Қайрат Нұртастан туған күн кешіне шақырту алғанда қатты қуанғанын жасырмады. Ол өнер иесін нағыз аңыз адамға теңейтінін жеткізді. Сол себепті оған сыйлық таңдарда ұзақ ойланғанын айтты.

"Оған не сыйласам екен деп ұзақ ойландым. Сосын бір ой келді. Майкл Джексон - ақ қолғап. Майкл Джордан - кроссовки. Қайрат Нұртас - көзілдірік. Мен Қайрат Нұртасқа көзілдірік алып берем деп шештім. Бұл іске мен асқан жауапкершілікпен қарадым", - деді желі жұлдызы.

Арман Юсупов әншіге қандай сыйлық тарту еткенін Instagram парақшасында көрсетті. Блогер туған күн иесіне Louis Vuitton брендінен көзілдірік таңдаған.

"Сыйлықты отбасыммен бірге барып алдым. Ұзақ іздеп, нағыз Қайрат Нұртасқа сай көзілдірікті таптық. Оған бірден сыйладым. Қайратқа сыйлығым ұнады. Ол тіпті жаңа көзілдірігімен туған күнінде видео түсіріп те үлгеріпті", - деді Арман.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2063073-anyz-adam-bloger-arman-yusupov-qairat-nurtasqa-ne-syilaganyn-korsetti-video/

pixel