Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Күйеуімен тренд видео түсірген Салтанат Бақаева көпшілікті тәнті етті (видео)

Опубликовано:

Бақаева
Бақаева күйеуімен. Фото: instagram.com/saltanat_bakayeva

Актриса Салтанат Бақаева күйеуімен әлеуметтік желіде кеңінен тараған тренд видео түсірді. Түрлі сұраққа жауап берген әнші мен күйеуі көпшілікті тәнті етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Видеода Салтанат Бақаева мен күйеуі Нұржан көзін жұмып, сұраққа жауап береді.

Танымал трендте "Кім бірінші сезімін білдірді?", "Кім бірінші сүйіп алды?", "Кім асты жақсы дайындайды?", "Кім қаттырақ жақсы көреді?" секілді сұрақтар болған.

"Жауабымыз қызық болды", - деп жазды актриса Instagram желісіндегі парақшасында.

Желі қолданушылары әнші мен жолдасының бұл видеосына риза болып, жарыса пікір жазды. Әншінің оқырмандары жарасымды жұптың махаббатына тәнті болған.

"Күйеуді дұрыс таңдапсыз", "Жарасымды жұп", "Жұбыңыз жазылмасын", "Салтанат Нұржанды қаттырақ жақсы көретін сияқты", "Бақытты болыңыздар", "Күйеуіңіз қазақ па?", "Әдемі жұп", "Алла екеуін жақсы табыстырған", - деп пікір білдірді әншінің оқырмандары.

Еске сала кетейік, осыған дейін Салтанат Бақаева ата-енесімен бірге тұратынын және күйеуінің отбасында жалғыз ұл екенін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2063162-kuieuimen-trend-video-tusirgen-saltanat-baqaeva-kopsilikti-tanti-etti-video/

pixel