Блогер арумен қол ұстасқан Айдар Асқарбек желіде қызу талқыға қалды (видео)
Жарияланған күні:
Отандық танымал актер Айдар Асқарбек елдің қызу талқысына қалды. Желіде өнер иесінің "Сакура" фильмінің тұсаукесерінде блогер арумен қол ұстасып тұрған видеосы тарап кеткен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Айдар Асқарбек пен Сабина Мовлаеваның ел арасында қызу талқыланған видеосы Instagram желісінде жарияланды. Бейнежазбадан олардың тұсаукесерге жиналған көпшілік алдында суретке түсіп, артынан қол ұстасқанын көруге болады.
Желі қолданушылары актер мен блогер арудың бұл қылығына қатысты түрлі пікір білдіруде. Бірі оларды жарасымды жұп деп санаса, енді бірі мүлдем үйлеспейтінін айтуда.
"Екеуі жарасып-ақ тұр. Әркім бақытты болуға лайықты", "Мүлдем жараспайды. Айдар әйелің мен қызың мынаны көріп ренжіген шығар", "Жарқынай мың есе көрікті", "Айдар Анар Батырханға сезімін білдіріп еді. Енді мына қылығын қалай түсінеміз", "Екеуінің арасында бір нәрсе бар", - деп жазуда көпшілік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2063168-bloger-arumen-qol-ustasqan-aidar-asqarbek-zelide-qyzu-talqyga-qaldy-video/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.