Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ирина Қайратовна" тобының мүшесі ұлының бір жасын дүркіретіп өткізді (фото)

Опубликовано:

Азамат Маркленов отбасымен
Азамат Маркленов отбасымен. Фото: Instagram/irinakairatovna_news

Жастар арасында аса танымал "Ирина Қайратовна" тобының мүшесі Азамат Маркленов ұлының бір жасын атап өтті. Желі жұлдызы бұл атаулы күнді тек ет-жақындарымен тойлауды жөн көрген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Азамат Маркленов ұлы Дарханның алғашқы туған күнін шағын той ретінде өткізген. Ерлі-зайыптыны туыстары мен жақын достары құттықтап келген.

Instagram желісінде отбасылық қуаныштың суреттері жарияланды.

Желі қолданушылары жас отбасыға тәнті болып, оларға жылы лебізін білдіруде.

"Қандай жарасымды жұп. Екеуінің арасындағы махаббат мүлдем бөлек", "Балапандарыңның бір жасы құтты болсын. Әкесі сияқты үлкен азамат болсын", "Көз тимесін. Бақытты күндерің көп болғай", "Қандай керемет сәт. Дарханның қадамына нұр жаусын", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2063192-irina-qairatovna-tobynyn-musesi-ulynyn-bir-zasyn-durkiretip-otkizdi-foto/

pixel