Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өнер адамы болмай-ақ қой деді": блогер ару Қайрат Нұртастың берген кеңесін еске алды

Опубликовано:

Арайлым Әбілсейіт
Арайлым Әбілсейіт. Фото: Youtube/НТК Show

Жастар арасында кеңінен танылған блогер әрі әнші Арайлым Әбілсейіт қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Қайрат Нұртастың өзіне берген кеңесін еске алды. Сөзінше, хитмен жас қызға "өнер адамы болмай, тыныш өмір сүр" деп ақылын айтқан екен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ерекше дауыс иесі Арайлым Әбілсейіт бойындағы талантына қарамастан өнердегі ағаларының ақылын тыңдап, сахнадан кеткенін айтты. Блогер ару бүгінде бар уақытын отбасына арнауда.

"Бала күнімнен Қайрат Нұртастың фанатымын. Ол әншіден бұрын, адамгершілігі өте жоғары адам. Тұлға ретінде қатты құрметтеймін. Ақсұңқардың жанашыр ағасы ретінде көп көмегін тигізді. Осы жерде айта кетейін, ол кісі "өнер адамы болмай-ақ қой, ән айтуды таста" деп ақыл айтты. "Одан да тып-тыныш өмір сүргенің жақсы" деді. Ол кісі өнердің нағыз ортасында жүрген адам. Маған жаман нәрсе айтып жатқан жоқ деп ойлаймын. Мен ақылын тыңдап, әрі өзім де қыз балаға өнер жолының ауыр екенін түсініп, сахнадан кеттім. Қазір бар көңілім отбасымда" , – дейді блогер ару "Taboo" бағдарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2063221-oner-adamy-bolmai-aq-qoi-dedi-bloger-aru-qairat-nurtastyn-bergen-kenesin-eske-aldy/

pixel