Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ибалы, инабатты келін бола алмадым": Арайлым Әбілсейіт отбасылық өмірі жайлы жан сырын ақтарды

Опубликовано:

Арайлым Әбілсейіт
Арайлым Әбілсейіт. Фото: Youtube/НТК Show

Отандық танымал блогер Арайлым Әбілсейіт алғаш келін болып түскен кезін есіне алып, енесімен қарым-қатынасы жайлы бар шындықты айтты. Алматылық ару Шымкентке келін болу аса қиын екенін жеткізді. Ол бастапқыда енесімен келіспей қалған жағдайлар болғанын жасырмады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Арайлым Әбілсейіт қайын жұртына ибалы әрі инабатты келін бола алмағанын айтты. Сөзінше, бастапқыда тіпті енесі оның келіні болғанын қаламаған екен.

Екі жақтың ата-анасы да жастардың шаңырақ көтеруіне қарсы болған. Алайда бұл қысымдарға қарамастан Арайлым мен Ақсұңқар бірге болуды шешкен.

"Шымкентте тұра алмаймын дедім. Мен Алматы қаласының қызымын, ол жерде туысым жоқ, өзімді жалғыз сезнемін деп айтқан едім. Оның үстіне мен салт-дәстүрді білетін нағыз қазақтың қызы емеспін. Сырттан келген қызбын. Шымкентте келіндер мүлдем басқаша. Ыдыс-аяқ сылдырламайтын отбасы жоқ. Бізде де қиын жағдайлар болды. Енем маған қаталдық танытты. Бірақ соның арқасында пісіп шықтым. Қазір кез келген қонақты да күте аламын, түрлі тамақ жасай аламын. Сол үшін енеме алғысымды айтқым келеді.

Бірақ ол кісі басында менің келін болғанымды қаламады. Алматының қызы Шымкентке келін бола алмайды деп ойлады. Менің ата-анам да сондай ойда болды. Екі жақтан да бізге қарсы болды. Біз оған қарамастан бірге болдық. Басында енем екеумізде кішкене сөзге келіп қалған кездер болды. Мен ерке қыз болдым. Ибалы, инабатты келін бола алмадым. Кейде ұйықтап қаламын. Шымкентте таңғы жетіде тұрып, бауырсақ пісіру керек. Сол кезде мен үлгермей қалатынмын. Енем қатты айтып, мені тәрбиелейтін", - деп ағынан жарылды блогер ару "Taboo" бағдарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2063242-ibaly-inabatty-kelin-bola-almadym-arailym-abilseiit-enesimen-araqatynasy-zaily-bar-syndyqty-aitty/

pixel