Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Психологқа бару керек": Жазира Байырбекова махаббат туралы мұңды ән орындауға ұялып жүргенін айтты (фото)

Опубликовано:

Жазира Байырбекова
Жазира Байырбекова. Фото: Instagram/zhazira_bairbekova

Әнші Жазира Байырбекова әлеуметтік желіде оқырмандарынан кеңес сұрады. Өнер иесі Instagram-дағы парақшасында мұңды ән айтуға бала-шағасынан ұялып жүргенін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Махаббат туралы мұңды әндер айтуға бала-шағамнан ұялатын болыппын. Мұны естіген танысым "Психологқа бару керек" дейді", - деп жазды Жазира Байырбекова.

Ал желі қолданушылары мұның қалыпты жағдай екенін айтып, әншіге ешқандай психологтың керек еместігін жеткізген.

"Бұл қалыпты жағдай", "Жас ұлғайған сайын саналы, салиқалы келіншекке келетін әдемі ой", "Балалар бізді өзгертеді", "Сол танысыңызды психологқа жіберу керек", "Мен де өзіме тыңдауға да, айтуға да тыйым салдым", "Қасыңда ер-азаматың бар, бақытты жанның қатарындасың", "Мұңды әндер керек емес", "Махаббатқа бөленіп жүрген адам қалай мұңды ән айтады?", - деп жазды желідегілер.

Айта кетейік, Жазира Байырбекова мен жолдасы Жанболат Ербатыров бір ұл мен бір қыз тәрбиелеп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2063392-psixologqa-baru-kerek-zazira-baiyrbekova-maxabbat-turaly-mundy-an-aituga-uyalyp-zurgenin-aitty-foto/

pixel