"Ақылды әрі мықты әйел": Айым Сейтметова енемен бірге тұру қандай екенін айтты
Жарияланған күні:
Қазақстандық танымал блогер әрі актриса Айым Сейтметова енесін туған күнімен құттықтап, желіде оған жүрекжарды тілегін жолдады. Оған қоса желі жұлдызы жолдасының анасымен бір шаңырақ астында тұрған қандай екенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Айым Сейтметова Instagram парақшасында енесіне әсерлі жазба арнап, оған деген асқан сыйластығы мен махаббатын жеткізді.
Сонымен қатар блогер ару көптің көкейінде жүрген сұраққа жауап берді. Ол енесімен бірге тұрған қандай екенін ашып айтты.
"Қатты жақсы көреміз. Жүз жасаңыз, мам. Сіздей ана барына қуанамын, мақтанамын. Барлығы енемен тұрған қандай екенін сұрай береді. Біріншіден ол кісіні ене деп атай алмаймын. Екіншіден мамадан бөлек тұруды елестете алмаймын. Өте ыңғайлы әрі жайлы. Анамыз өте ақылды әрі мықты әйел", - деп жазды ол.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2063393-aqyldy-ari-myqty-aiel-aiym-seitmetova-enemen-birge-turu-qandai-ekenin-aitty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.