Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көп көмектесті": гитарист Ақсұңқар Жүнісбаев Қайрат Нұртастың жақсылығын айтты

Опубликовано:

Қайрат Нұртас пен Ақсұңқар Жүнісбаев
Қайрат Нұртас пен Ақсұңқар Жүнісбаев. Фото: Instagram/aksunkarzh

Белгілі гитарист әрі блогер Ақсұңқар Жүнісбаев өнердегі үлгі тұтар ағасы Қайрат Нұртаспен арақатынасы туралы cөз қозғап, оның өзіне жасаған жақсылығы туралы айтты. Cөзінше, қиналған кезінде эстрада жұлдызы оның қасынан табылып, барынша көмектескен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ақсұңқар Жүнісбаев жақында Алматыдағы Республика сарайында жеке концертін өткізген болатын. Қайрат Нұртас гитаристі қолдап, оның шығармашылық кешінде өнер көрсетті.

Блогер жігіт ерекше форматтағы концертті өткізу үшін 8 млн теңге қаржы жұмсаған.

"Осыған дейін көптеген жұлдызбен жұмыс істеп келдім. Енді өзім гитарамды алып, халыққа неге өнерімді паш етпеске деп ойладым. Концертті өткізу үшін 8 млн теңгедей ақша кетті", - деді гитарист.

Ақсұңқар Жүнісбаев Қайрат Нұртаспен арақатынасы туралы да айтып өтті.

"Мені көбі Қайрат ағаның қасында жүретін гитарист ретінде танып жатады. Мен онымен мақтанамын. Осыған дейін ағама 12 ән жазып беріппін. Бірақ нақты прайс ұсынбаппын. Себебі бағаңды айтсаң, шабыт та аяқ асты болып кетеді. Ол кісіден ресми төлемақы алмаймын. Бірақ ол кісі маған көп көмектесті. Мен қиналған кезде бірінші болып көмек қолын созған. Қызым ауырғанда да Қайрат аға өнер адамдары арасынан көш бастап, көмегін аямады", - деді ол "Revue News" бағдарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2063432-kop-komektesti-gitarist-aqsunqar-zunisbaev-qairat-nurtastyn-zaqsylygyn-aitty/

pixel