Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бақыт тіледім": Фариза Ескермес сүйіктісінің ұлтына тиісетіндерге жауап берді

Опубликовано:

Фариза Ескермес сүйіктісімен
Фариза Ескермес сүйіктісімен. Видеодан кадр: Youtube/Elle Kazakhstan

Қазақстандық танымал актриса Фариза Ескермес желіде сүйіктісін сынға алып, оның ұлтына тиісіп жатқандарға жауап берді. Өнер иесі жақында Андрей есімді жігітке тұрмысқа шығуға келісімін берген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фариза Ескермес болашақ күйеуінің ұлтына тиісіп жатқан адамдарға көңіл бөлмеуге тырысатынын айтты

"Жаман ұлт болмайды. Жаман адам болады. Тіпті жаман адам да болмайды екен. Барлығы жақсы. Тек өмірге өкпелі адамдар ғана тиісіп жатады. Оларға көңіл бөлмеймін. Бақыт тіледім сол адамдарға", - деді актриса "Revue News" бағдарламасында.

Өнер иесі бүгінде той күнін белгілеп, қызу дайындықты бастап кеткенін айтты.

"Тойымыз тамызда болады. Дайындық басталып кетті. Асаба мен мейрамхананы қарастырып қойдық. Той күнімізді астролог маманбен бірге белгіледік. Енді ақша табу ғана қалды. 4 көйлек таңдап қойдым", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2063443-baqyt-tiledim-fariza-eskermes-suiiktisinin-ultyna-tiisetinderge-zauap-berdi/

pixel