Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қалтамда 30 теңгем қалды": Құралай Анарбекова Алматыға алғаш келген кезін еске алды

Опубликовано:

Құралай Анарбекова
Құралай Анарбекова. Фото: "TALK LIKE" бағдарламасы

Қазақстандық танымал актриса әрі кинопродюсер Құралай Анарбекова Алматыға арман қуып келген кезін еске алып, қандай қиындықтарға тап болғанын айтып берді. Өнер иесі екі айдай ақшасыз жүргенін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Құралай Анарбекова басынан өткен қиын кезең жайлы "Мамский әңгіме" подкастында сыр шертті.

Актриса Алматыға оқуға түсіп, өз күнін көру үшін бірден кеңсеге жұмысқа кірген. Алайда алғашқы жұмыс орнында сәтсіздікке ұшыраған. Сөзінше, бастығы оған көз салып, қарата алмаған соң жұмыстан шығарып жіберген.

"Ақтөбеден кеткім келді. Ақтөбе маған тар болды. Мен бұл қалада жасарымды жасап, титулдарымды алдым. Өзімді ол жақта көрмедім. Ары қарай даму керек екенін түсіндім. Оқуға түсемін деп Алматыға сылтауратып кеткенмін. Бір әженің үйінде бір бөлмені 25 мың теңгеге жалдап тұрдым. Оқу оқып жүріп, жұмыс таптым. Ата-анама "маған көмек керек емес, өз күнімді өзім көремін" дедім. Офис-менеджер болып жұмыс істедім. Жұмысқа шыққан соң бастығым маған көз сала бастайды. Мені кешкі асқа шақырып, жұмыстан тыс құжат жинатқызып қояды. Мен батыстың қызы болған соң, "жоқ" деп кесіп айтып тастадым. Жұмыс уақытында өз жұмысымды жасаймын дедім. Ақыры қолы жетпеген соң мені жұмыстан шығарып жіберді", - деді өнер иесі.

Анарбекова осы оқиғадан кейін қиын жағдайға тап болғанын айтты. Актриса екі ай жұмыссыз жүріп, пәтердің ақшасын қалай төлейтінін білмеген.

"Екі ай жұмыссыз жаттым. Ақшам жоқ. Пәтерге төлейтін ақшам жоқ. Қалтамда 30 теңгем қалды. Оған оқуға баратын жолды төлеймін немесе бір самса алып жеймін. Далада отырып, самса алып жеп аламын. Екінші күні оқуға баратын ақшам жоқ. Сол кезде қатты қиналғанмын. Анама хабарласып, жылап бәрін айтып бердім. Ата-анам қайтуымды талап етті. Олардан тағы бір мүмкіндік сұрадым. Сосын маған ақша жібереді. Сол кезден бері жолым ашылады. Хореограф болып жұмысқа кірем. Кейін "Қазақфильмге" резюме тастаймын. Шақыртулар ала бастаймын", - деді Құралай Анарбекова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2063461-qaltamda-30-tengem-qaldy-quralai-anarbekova-almatyga-algas-kelgen-kezin-eske-aldy/

pixel