"Бір інім қайтыс болып кетті": Берік Тұрсынбеков отбасы жайлы айтты
Жарияланған күні:
Актер Берік Тұрсынбеков көпшілікке "Күлпаш" рөлі арқылы кеңінен танылған. Өнер иесі "Менің өмірім" бағдарламасында ата-анасы мен бауырлары жайлы айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Әкемді бүкіл ауыл сыйлайтын, аяқ тартатын, бір мінезді адам болды. Ал анам көп сөйлемейтін, тұйық мінезді болатын. Өзімен-өзі жұмысын істеп жүрсе болды еді. Оған барып "Анашым, киімім кірледі", "Жуып берші" деген әңгіме айтпауың керек. Сен тимесең, мен - тиме еді. Анам "Социалистік еңбек ері", "Батыр ана" деген атағы бар. Анам депутат болды. Әйелдермен жұмыс істейтін. Өнерге екеуінің де қатысы жоқ. Әкем - 63 жасында, анам 75 жасында өмірден өтті.
Негізі отбасында он баламыз. Қазір тоғызымыз қалдық. Бір інім қайтыс болып кетті. Әпкелерім ауылда тұрады. Бір ағам Қарағандыда тұрады, жұмыс бабымен көшті", - деді Берік Тұрсынбеков.
Еске сала кетейік, осыған дейін әйелі Қарлығашпен қалай танысқанын айтып берген болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2063465-bir-inim-qaitys-bolyp-ketti-berik-tursynbekov-otbasy-zaily-aitty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.