Алтынай Жорабаева қырқынан шыққан қызын медресеге апарып, ауызашар берді (фото)
Жарияланған күні:
Қазақстандық танымал әнші Алтынай Жорабаева жақында ғана қырқынан шыққан қызын медресеге апарып, шағбан айында ауызашар берді. Айтуынша, ол дастарханды сәбиінің мемлекеттен алған алғашқы жәрдемақысына жайған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Алтынай Жорабаева қызының жәрдемақысы түскен бойда медресеге барып, қари балаларға ауызашар беруді жөн көрген. Бұл туралы әнші Instagram парақшасында айтты.
"Аминамыздың алғашқы жәрдемақысы түсіп, медресеге шағбан айында ауыз бекіткен хафиз, қари шәкірттерге ауызашар бердік", - деп жазды өнер иесі.
Эстрада жұлдызы медреседен кейін қызымен бірге Шымкентке ұшып кетті. Жорабаева қызы қырқынан шыққан соң, өз туыстарына қонақтап қайтқысы келген.
"Қызымыз нағашыларына шықты. Әкесі қатты уайымдап жатыр. "Жауратып алмаңдар! Әңгіме айтып отырып, біржерде қалдырып кетпеңдер" деп тапсырып жатыр. Енді олай етпейтін шығармыз. Жол болсын" , – деп әзілдеді әнші.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2063501-altynai-zorabaeva-qyrqynan-syqqan-qyzyn-medresege-aparyp-auyzasar-berdi-foto/