Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Құны - 13 млн теңге": әнші Динара Сұлтан анасына салоннан жаңа көлік сыйлады (видео)

Опубликовано:

Динара Сұлтан анасына көлңк сыйлап жатыр
Динара Сұлтан анасына көлңк сыйлап жатыр. Видеодан кадр: Instagram/dinara_sultan1

Отандық танымал әнші Динара Сұлтан анасының туған күнінде оған естен кетпес тосынсый жасады. Өнер иесі өзіне өмір сыйлаған аяулы анасына салоннан жаңа көлік сыйлаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Динара Сұлтан анасына аса бағалы сыйды тарту еткен сәтінің видеосын Instagram парақшасында жариялады. Онда өнер иесінің анасына салонда жаңа көліктің кілтін табыстап жатқанын көруге болады.

Туған күн иесі жұлдызды қызының сыйлығынан кейін қуанышын жасыра алмай, оған алғысын айтқан.

"Әр баланың арманы - анасын қуанту, үмітін ақтау. Анамыздың мерей тойына орай, күйеу баласымен Changan дилерлік орталығынан даралығымен ерекшелей түсетін және жолда сенімділікті қамтамасыз ететін керемет көлікті сыйға тарттық", - деп жазды әнші.

Айта кетейік, Динара Сұлтан анасына Changan UNI-K маркалы автокөлігін сыйлаған. Оның нарықтағы бағасы 12 890 000 теңгеден басталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2063528-quny-13-mln-tenge-ansi-dinara-sultan-anasyna-salonnan-zana-kolik-syilady-video/

pixel