Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақ тілінің жанашыры болған": Ерке Есмахан марқұм әкесі туралы айтты

Опубликовано:

Ерке Есмахан
Ерке Есмахан. Фото: instagram.com/erke_esmahan

Отандық танымал әнші Ерке Есмахан марқұм әкесін еске алып, жан сырын ақтарды. Өнер иесі асқар тауы әкесі жайлы көпшілік біле бермейтін мәліметтерді айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ерке Есмахан марқұм әкесі жайлы естеліктерін Instagram парақшасында айтты. Эстрада жұлдызының сөзінше, ол қазақ тілінің нағыз жанашыры болған.

Өнер иесі әні мен үнінің қазақша болуын әкесінен қалған аманат деп есептейді.

"Менің әкем - әдебиетші, тарихшы. Мектеп директоры болған. Ақтөбеде қазақ тілі қоғамының төрағасы қызметін атқарған. Қазақ тілінің нағыз жанашыры болған. Ес білгелі үйде тек қазақша сөйледік, қазақша тәрбиелендік. Орысшаға қазақша жауап беріп, әнім мен үнімнің қазақша болуы әкемнің маған қалдырған аманаты. Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте", - деп жазды әнші.

Ерке Есмахан әкесі жайлы айтып, көңілі босап қалғанын айтты.

"Жақсы көремін әке, сізді қатты сағындым. Әкем есіме түсіп, көңілім құлазып қалды. Аман болыңыздар", - деп жазды әнші.

Ерке Есмаханның Stories-i
Ерке Есмаханның Stories-i. Скриншот: Instagram/erke_esmahan

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2063661-qazaq-tilinin-zanasyry-bolgan-erke-esmaxan-marqum-akesin-esine-aldy/

pixel