Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көлікті қатты жүргіземін": Саят Медеуов жол апатына қалай түскенін айтты

Опубликовано:

Саят Медеуов
Саят Медеуов. Скриншот: "Ұйқым келмейді" бағдарламасы

Отандық танымал әнші Саят Медеуов өзі түскен жол апатына қатысты пікір білдіріп, көлікті қатты жүргізетінін мойындады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

Саят Медеуов соңғы жол апатында ұйықтап жатқандықтан, соқтығысу қалай болғанын білмей қалған. Өнер иесі жол-көлік оқиғасын көрмегені дұрыс болғанын айтты. Себебі әнші "бұдан кейін көлік жүргізе алмай қалар ма едім" деді.

"Көлікті негізі қатты жүргіземін. Бірақ қазір барлық жерде камера бар. Қатты жүргізе алмай қалдық. Бірақ мен көлікті қатты жүргізгенімен, өте жақсы жүргіземін. Жол апатына түстім. Осы соңғы бір-екі жылдың көлемінде қатты жол апаты болды. Сол кезде көпшілік "көлікті қатты жүргізесің, содан кейін болды" деп өкпелеп жатты. Ол жерде мен ұйықтап жаттым. Білмей қалдым. Білмей қалғаным да дұрыс болды. Одан кейін қатты қорқып, көлік жүргізе алмай қалар ме ем", - деді Саят Медеуов "ХабарLike" бағдарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2063694-kolikti-qatty-zurgizemin-sayat-medeuov-zol-apatyna-qalai-tuskenin-aitty/

pixel