Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Құдай мен күйеуім куә": Ерке Есмаханның пластикалық ота жасатқаны рас па

Жарияланған күні:

Ерке Есмахан
Ерке Есмахан. Фото: Instagram/erke_esmahan

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Ерке Есмахан пластикалық ота жайлы тақырыпты қозғап, көптің көкейінде жүрген сұраққа жауап берді. Өнер иесі сұлулық үшін мұндай қадамға барғанын жоққа шығарды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ерке Есмахан ел арасында өзіне қатысты айтылып жатқан қауесеттерге нүкте қойды. Жстрада жұлдызы пластикалық ота жасатпағанын ашық айтты.

"Ерке бетіне пластика жасатқан деп жазып, өз ішіндегі комплекстерді жұбататын әйелдер, қыздар өте көп. Көңіл-күйлеріңізді түсірейін бетіме ештеңе жасатпағанмын. Қудай куә, күйеуім куә. Кішкентай қыз болдым, бойжеттім, есейіп ару болып әдемілендім. Ана болып әрлендім. Өзіме қатты күтім жасаймын. Табиғатты пластикаға жатқызу қате. Жалпы қазір блогер, әншілер бетін, мұрнын жасатып, қай жерін алып, қай жерін салып жатқанын ашық көрсетеді ғой. Қазіргі замандағы трендтерге неге таңғаласыздар", - деп жазды әнші Instagram парақшасында.

Ерке Есмаханның Stories-i
Ерке Есмаханның Stories-i. Скриншот: Instagram/erke_esmahan

Айта кетейік, бұған дейін Ерке Есмахан өзін жас жігітке тұрмысқа шыққаны үшін сынға алған оқырманына жауап берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2063725-qudai-men-kuieuim-kua-erke-esmaxannyn-plastikalyq-ota-zasatqany-ras-pa/