Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жарқырап жүруім сол кісінің арқасы": Мақсат Рахмет келіншегімен қалай танысқанын айтты

Опубликовано:

Мақсат Рахмет
Мақсат Рахмет. Видеодан кадр: Youtube/Urpaq Podcast

Отандық танымал әнші әрі актер Мақсат Рахмет келіншегімен алғаш танысқан кезін еске алып, қарым-қатынасы қалай өрбігенін айтып берді. Өнер иесі әйелі театрдағы жұмысын тастап, өзін толығымен отбасылық өмірге арнағанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ

Мақсат Рахмет әйелімен алғаш оқуға түскен кезде танысып, жеті жылдан кейін шаңырақ көтерген. Сөзінше, келіншегі сол кездегі ең мықты актрисалардың бірі болған.

"15 жасымызда оқуға түсерде таныстық. 16 жасымызда қыз бен жігіт болып жүре бастадық. Жеті жыл кездесіп жүріп, отбасын құрдық. Жыл өткен сайын оған бауыр басасың, жыл өткен сайын оған деген құрметін артады. Келіншегім де актриса. Менің заманымдағы ең үздік актрисалардың бірі. Академиядағы әр емтиханнан кейін оны бізден бөлек талқылайтын. Оның сомдаған әр кейіпкері ерекше шығатын. Біз оқуды аяқтағанда Мүсірепов театры екі адамды ғана өздері жұмысқа шақырды. Солардың бірі Арай болды. Сол жерде бір жыл істеп, өз еркімен театрдан кетті", - деді актер.

Өнер иесі келіншегінің театрдан кетуінің себебін ашып айтты. Мақсат Рахмет оның жұмыстан шығуына ешқандай қысым көрсетпегенін жеткізді. Айтуынша, әйелі бұл шешімді өзі қабылдаған.

"Өзін толығымен отбасылық өмірге арнағысы келетінін айтты. Қазір біз табысқан колледжде актерлік шеберліктен сабақ береді. Дәл қазір декретте отырҮйде екі өнер аламы болғаны да жақсы. Өнер адамдары ғана бір-бірін түсінеді. Екеуіміздің талқылайтын тақырыптарымыз көп. Ол менің басты сыншым. Ол маған сынды төгеді. Айналамдағылар, тіпті ұстаздарым да ренжиді. "Біздің қызымызды өнерден алып кеттің" деп жатады. Үш баласы бар әйелге театрда істеу өте қиын. Ол оны өзі саналы түрде білді, түсінді. Менің еш қатысым жоқ, сол кездегі театр директорымен мәселе туындады. Қазір бар уақытын бала-шағасына, маған бөледі. Үнемі киімдерім таза, үтіктеулі. Қайда барсам да жарқырап жүремін. Ол біріншіден келіншегімнің арқасы", - деді Мақсат Рахмет "Ұрпақ" подкастында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2063741-zarqyrap-zuruim-sol-kisinin-arqasy-maqsat-raxmet-kelinsegimen-qalai-tanysqanyn-aitty/

pixel