Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әли Оқапов ұлының бір жасын дүркіретіп атап өтті (фото, видео)

Опубликовано:

Әли Оқапов ұлымен
Әли Оқапов ұлымен. Фото: Instagram/aliokapov

Қазақстандық танымал әнші Әли Оқапов ұлы Зейіннің бір жасын дүркіретіп атап өтті. Өнер иесінің қуанышына ет-жақындары бірқатар шоу-бизнес жұлдызы жиналған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Зейін Әлиұлының алғашқы туған күні Алматыдағы қымбат мейрамханалардың бірінде өткен. Оған жұлдызды жанұяның ет-жақындары мен өнердегі достары шақырылды. Әли Оқаповтың қуанышына ортақтасып келген жұлдыздар арасында Азамат Сатыбалды, Дулыға Ақмолда, Гүлназ Жоланова, Тимур Балымбетов, Данияр Өтеген, "Асыл" тобы және т.б бар.

Туған күн иесінің тұсауын кесу мәртебесі белгілі қазақстандық актерлер Азамат Сатыбалды мен Дулыға Ақмолдаға берілді. Қос әртіс Әли Оқаповтың ұлына ақ батасын беріп, тұсауын кесті.

"Құрметті aғаларым! Біздің өтінішімізді жерге тастамай, қолдап, Зейіннің тұсауын кесіп бергендеріңіз үшін мың алғыс. Зейіннің танымал актер болып кететін түрі бар. Отбасымыздың атынан басымызды иеміз, рахмет", - деп алғысын білдірді той иесі.

Зейін Әлиұлының бір жас тойы қалай өткенін ата-анасының Instagram парақшасынан көруге болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2063887-ali-oqapov-ulynyn-bir-zasyn-durkiretip-atap-otti-foto-video/

pixel