Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайрат Әділгерей жүрегіне ота жасатқан Сәбит Әбдіхалықовтың қал-жағдайын біліп қайтты

Опубликовано:

Қайрат Әділгерей мен Сәбит Әбдіхалықов
Қайрат Әділгерей мен Сәбит Әбдіхалықов. Фото: Instagram/kairat_adilgerey

Жақында жүрегіне күрделі ота жасатқан Сәбит Әбдіхалықов желіде оқырмандарымен байланысқа шықты. Бес сағатқа созылған операциядан кейін белгілі актерге өнердегі інілері барып, қал-жағдайын біліп қайтқан, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Сәбит Әбдіхалықов Instagram парақшасында ауруханадан суреттер жариялап, қал-жағдайын білуге келген өнер иелеріне алғысын айтты.

Белгілі актердің аман-саулығын біліп қайту үшін досы Жалғас Толғанбай, әзілкеш Қайрат Әділгерей, Шағуан Үмбетқалиев, Олжас Сақ пен Рахымжан Құдайбергенов барған.

"Жалғас досым таң атпай келіпті. Шағуан, Олжас, Рахымжан бауырларыма Алла разы болсын", - деп алғысын айтты Әбдіхалықов.

Сәбит Әбдіхалықовтың Stories-i
Сәбит Әбдіхалықовтың Stories-i. Скриншот: Instagram/sabit_abdykalykov

"Сәке ауырмаңыз, тезірек жазылып аяққа тұрып кетуге тілектеспін", - деп жазды Қайрат Әділгерей.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2063902-qairat-adilgerei-zuregine-ota-zasatqan-sabit-abdixalyqovtyn-qal-zagdaiyn-bilip-qaitty/

pixel