Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Желіде актер Асқар Ілиясовқа қатты ұқсайтын жігіттің видеосы тарады (фото, видео)

Опубликовано:

Тимур Шайдуллин
Тимур Шайдуллин. Фото: instagram.com/shaidullin.timur

Әлеуметтік желіде танымал актер Асқар Ілиясовқа қатты ұқсайтын жас жігіттің видеосы тарады. Ер адам өзін көпшіліктің актермен шатастыратынын Instagram парақшасында айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Асқар Ілиясов? Жоқ! Тимур Шайдуллин. Ал Асқарды құрметтеймін", - деп жазды ол.

Ал желі қолданушылары жас жігіттің актерге қатты ұқсайтынын айтып, жарыса пікір жазды.

"Айнымайсыз", Қатты ұқсайсыз", "Асқар Ілиясовқа ғашық қыздар енді осы парақшаға жазылыңыздар", "Алғашында сізді Асқар Ілиясов деп ойладым", "Сымбаттысыз", "Екеуі бір адам деп ойласам, олай емес екен", - деп жазды желідегілер.

Асқар Ілиясов, Тимур Шайдуллин
Асқар Ілиясов, Тимур Шайдуллин. Коллаж: instagram.com/askar.ilyassov, instagram.com/shaidullin.timur

Желідегі мәліметке сүйенсек, Тимур жеке кәсіппен айналысады.

Ол 1999 жылғы. Ұлты - қазақ.

Айта кетейік, актер Асқар Ілиясов 27 жаста. Ол 1996 жылы Астана қаласында өмірге келген. Актер өнер жолын 2015 жылы бастады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2063929-zelide-akter-asqar-iliyasovqa-qatty-uqsaityn-zigittin-videosy-tarady-foto-video/

pixel