Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сынақ аяқтан шалды": денсаулығы сыр берген Роза Әлқожа елді алаңдатты (видео)

Опубликовано:

Роза Әлқожа ауруханада
Роза Әлқожа ауруханада. Видеодан кадр: Instagram/roza_alqozha

Отандық танымал әнші Роза Әлқожа денсаулығы сыр бергенін хабарлап, жанкүйерлерін алаңдатып қойды. Өнер иесі мұзда тайғанап құлап, ауруханадан бір-ақ шыққан, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Роза Әлқожа басынан өткен жағдайды Instagram парақшасында баяндап берді. Cөзінше, эстрада жұлдызы мұзда тайғанап құлап, аяғын жарақаттап алған. Өнер иесі денсаулығы сыр берген соң, бірқатар жоспары іске аспай қалғанын жеткізді.

Ол өзіне қолдау білдіріп, гүл жіберіп жатқан жандарға алғысын айтты.

"Алдағы жоспардың барлығы тоқтады, бастысы жүрек тоқтамасын! Мұзға тайғанаған ештеңе емес, сөзден тайғанатпасын! Тобық пен жарылған табан жарылар, жан мен жүректі абайлайық! "Дұшпан аяққа қарайды" деуші ме еді, сынақ та аяқтан шалды, аяқ киімім тайғанақ екенін біле тұра киіп жүрген өзімді кіналадым. Жасыма сай жазылар. Тілек білдіріп, гүл жіберіп жатқандарға рахмет!

Қызымның туған күні, одан үлкен қызымның премьерасы, Сарыағаштағы концертім, тосын сый боп барам деген туған күн, той, Зәкеңнің кеші бұйырмапты! Енді көктемгі мерекеде қайта көктеген розадай жұпар шашуға жазсын! "Сынықтың көңілін сұрамайды" десе де жігерлендіруге жұмсаған күштеріңізді Алла еселеп қайтарсын! Алыстан, жақыннан қолдап жатқан бар жақыныма алғыс айтамын", - деп жазды Роза Әлқожа.

Әнші бүгінде балдақпен жүруге мәжбүр екенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2063975-synaq-ayaqtan-saldy-densaulygy-syr-bergen-roza-alqoza-eldi-alandatty-video/

pixel