Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дильназ Ахмадиева алғаш рет сүйіктісін көрсетті (фото)

Опубликовано:

Дильназ Ахмадиева сүйіктісімен
Дильназ Ахмадиева сүйіктісімен. Фото: Instagram/dilnaz_akhmadiyeva

Таиландқа демалысқа ұшып кеткен Дильназ Ахмадиева қалың көпшілікке мінсіз мүсінін паш етіп, алғаш рет сүйіктісін көрсетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

Дильназ Ахмадиева қазіргі уақытта аса бақытты өмір сүріп жатқанын айтты. Өнер иесі Instagram парақшасында оқырмандарымен тілдесіп, жан сырын ақтарды.

"Әрбір қыз-келіншекке өміріңіз ұнамаған жағдайда өзіңізді өзгертудің маңыздылығын көрсеткім келеді. Алғашқы қадам жасаңыз. Көп күттірмей нәтижесін де көресіз", - деп жазды әнші.

Эстрада жұлдызы ыстық мекенде ұлы мен сүйіктісімен бірге демалуда. Ахмадиева желі қолданушыларын қуантып, желіде алғаш рет ғашығын көрсетті.

Фотода әнші мен ер азаматтың бассейннің қасында бір-біріне күлімдеп отырғанын байқауға болады.

Дильназ Ахмадиеваның Stories-i
Дильназ Ахмадиеваның Stories-i. Скриншот: Instagram/dilnaz_akhmadiyeva

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2063985-dilnaz-axmadieva-algas-ret-suiiktisin-korsetti-foto/

pixel