"Қараған сайын жүрегім ауырады": Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуін есіне алды
Жарияланған күні:
Отандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жолдасын есіне алып, желіде оған әсерлі жазба арнады. Өнер иесі отағасының суретіне қараған сайын жүрегі ауыратынын айтты, деп жазады KAZ,NUR.KZ.
Ләйлә Сұлтанқызы алғыс айту күнінде жолдасы екеуінің ең бақытты сәтінен фото жариялап, оған деген сағынышын жеткізді. Тележүргізуші марқұм күйеуіне алғысы шексіз екенін айтты.
"Бұл сурет өзіме ыстық болғанымен, қараған сайын жүрегім ауырады. Жақындар, дос-жарандар осы фотоны қойып, көңіл айтқан еді. Ең бақытты сәттеріміздің бірі. Бірінші кезекте мені қорғап, қолдап, еркелетіп, жанарымдағы отты сөндірмеген азаматыма алғысым шексіз. Жатқан жерің жайлы болсын, Қайрекем", – деп жазды журналист Instagram парақшасында.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2064066-qaragan-saiyn-zuregim-auyrady-laila-sultanqyzy-marqum-kuieuin-esine-aldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.