Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Құладым": Ләйлә Сұлтанқызы ұятқа қалған кезін еске алды (фото)

Опубликовано:

Ләйлә Сұлтанқызы
Ләйлә Сұлтанқызы. Фото: instagram.com/sultankyzy

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желіде оқырман сауалына жауап берді. Ол көпшілікке ұятқа қалған кездері жайлы айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Қонаққа қызық сұрақ қойып, ұялған кезіңіз бар ма?", - деп сұрады желі қолданушысы Ләйлә Сұлтанқызынан.

Ал тележүргізуші мұндай жағдайдың мың рет болғанын айтты.

"Мұндай жағдай мың рет болды. Көбінесе, адам есімін жаттай алмаймын. Маринаға - Сәуле, Берікке - Әлихан деген кез көп.

Сосын бетіңе шыбын қонатын, құмырсқа шағатын кез бен түшкіру қалыпты нәрсе. Билеймін деп құладым", - деп жауап берді Сұлтанқызы Instagram желісіндегі парақшасында.

Еске сала кетейік, 2022 жылы Ләйлә Сұлтанқызының жолдасы өмірден өтті.

Тележүргізуші әлеуметтік желіде көпшіліктің өзінен екінші рет тұрмысқа шығу туралы ойын сұрайтынын айтқан болатын.

Ләйлә Сұлтанқызы
Ләйлә Сұлтанқызы. Скриншот: instagram.com/sultankyzy

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2064268-quladym-laila-sultanqyzy-uyatqa-qalgan-kezin-eske-aldy-foto/

pixel